Қызылорда облысында жаңа туған сәбиді сату дерегі әшкереленді

  • 6
  • 29.04.2026, 21:54

Ішкі істер министрлігі адам саудасына тосқауыл қою бағытындағы бақылау күшейткен. Тергеу мәліметінше, 25 жастағы келіншек қоғамдық қор жетекшісінің делдалдығымен баласын бір миллион теңгеге бағалаған. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сонымен қатар Алматыда қылмыстық мақсатта пайдалану үшін адам саудасымен айналысқан ұйымдасқан топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кеткен жөн, cәуір айында елде адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркелсе, оның 9-ы кәмелетке толмағандарға қатысты.  

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

- Қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды іздеп тауып, олардың жалған оң несие тарихын қалыптастырып, кейін сол адамдардың атына Алматы және Шымкент қалаларында қымбат автокөліктер рәсімдеп, одан әрі сатуға бағытталған. Қазіргі уақытта негізгі ұйымдастырушылар ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр.