ШҚО-да орман өрті сөндірілді

  • 84
  • 04.05.2026, 19:31

Шығыс Қазақстан облысындағы орманды алқаптағы өрт толық сөндірілді.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ұлан ауданының Приморск орманшылығы аумағында шөп, бұталар мен ағаштардың жанып жатқаны анықталған.

Жер бедерінің таулы болуы және екпінді желдің әсірінен өртті бірден сөндіру мүмкін болмады. Онымен күресу үшін жеке құрамға қоса әуе кемесі де жұмылдырылды. Тікұшақпен 7 рет су төгілген соң қауіптің беті қайтқан.