Ақтөбе облыстық әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіруге төтенше жағдайлар резервінен 90 миллион теңге жұмсалады. Қазір жөндеуге дайындық басталып кетті. Еске салсақ, жетінші сәуір күні облыс әкімдігінің шатыры өртенген еді. Оған не себеп болғаны әлі тексеріліп жатыр. Электр желісінің қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін деген болжам айтылған. Өрт-техникалық және электротехникалық сараптамалар тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр.
Гүлбағда Көбеева, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:
-Қалпына келтіру жұмыстары Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар резерві есебінен қаржыландырылуда. Жөндеу жұмыстарын мамандандырылған компания жүзеге асырады, бұл қалпына келтірудің барлық кезеңдерінде жеделдік пен сапаны бақылауды қамтамасыз етеді.