ЖИ арқылы жасалған алаяқтық видео әшкереленді

  • 7
  • 05.05.2026, 19:36

Медиа кеңістікте таралып жатқан «Онлайн I консультация беру және қолдау құқығы» деп аталатын бейнеролик азаматтардан ақша жымқыру үшін жасалған. Мұны Бас Прокуратура хабарлап, азаматтарды алданып қалмауға шақырды. Роликте құқық қорғау және өзге де мекеме қызметкерлерінің бейнелері пайдаланылып, қаржыны қайтаруға мемлекеттік органның көмектесетіні айтылған. Тексерістен кейін бейнежазбаның жасанды интеллект арқылы жасалғаны анықталды. Және ол азаматтардың сеніміне кіріп, қалтасын қағуды көздейді. Құзырлы органдар оны дайындап, таратуға қатысы бар деген азаматтарды анықтауға кірісті.