Өскемендегі зауыттағы жарылыс: ІІМ екі негізгі болжамды атады

  • 4
  • 06.05.2026, 19:35

Өскемендегі зауыттардың бірінде болған жарылысқа қатысты Ішкі Істер министрлігі алдын ала екі болжамды айтты. Мәжілісте БАҚ өкілдеріне сұқбат берген вице-министрі Санжар Әділов оқыс оқиға технологиялық процестің бұзылуынан болуы мүмкін дейді. Ал екінші нұсқа ретінде еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы деген болжам қарастырылып отыр. Қазір қылмыстық кодекстің 156-бабы бабының төртінші бөлігі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бапта 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен бірге вице-министр 10-нан астам сот-медициналық сараптамасы тағайындалғанын айтты. 

Санжар Әділов, ҚР Ішкі Істер вице-министрі:

-Әзірге 2 болжам бар. Жарылыстың алғашқы себебі – техногендік процестің бұзылуы, екіншісі – адами фактор, яғни еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы. Бүгінде оқиға орнында уәкілетті мемлекеттік органдар, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен облыс әкімдігінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта көз жұмған 2 адамнан бөлек, 2 жарақат алған азамат бар. Олар ауруханаға орналастырылды.