Қарағанды қаласында синтетикалық есірткі өндіруді қашықтан ұйымдастырған шетел азаматы ұсталды. Ол халықаралық ынтымақтастық аясында шет мемлекеттердің бірінде іздеуде жүрген еді. Ал Астанада жалдамалы пәтерде есірткі жасырумен айналысқан еуропалық 32 жастағы азамат құрықталды. Одан 1,5 келі синтетикалық және каннабис түріндегі есірткі тәркіленді. Есірткі қылмысы трансұлттық сипатқа ие. Ішкі Істер министрлігі бұл бағыттағы жұмыстарды шетелдік әріптестерімен бірлесе жүргізіп жатыр. Айта кетейік, биыл төрт айда есірткі қылмыстары үшін 76 шетел азаматы ұсталған.