Түркістан облысында есірткі зертханасы жойылды. Арыс қаласында синтетикалық есірткі өндірісімен айналысқан ағайынды екі ер адам ұсталды. Ішкі істер министрілігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мамандарының айтуынша, тінту кезінде тұрғын үйден жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон мен 1,5 тонна прекурсор табылған. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Елдар Әбдікенов ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары:
- Оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІМ ескертеді: есірткі өндіруді жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.