«Қазцинктегі» жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды

  • 7
  • 12.05.2026, 19:45

«Қазцинк» зауытындағы жарылыстан зардап шегіп, жансақтау бөліміне жатқызылған жұмысшы көз жұмды. Дәрігерлер 46 жастағы азаматты ажалдан арашалап қалу үшін аянып қалмады. Астанадан білікті мамандар шақыртылған. Науқасты «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына» жеткізу туралы мәселе көтерілген. Алайда, денесінің 90 процентін күйік шалғандықтан, тасымалдау мүмкін болмады. Осылайша, жарылыстан барлығы 3 адам мерт болды. Омыртқасы зақымданған бір жұмысшы елордаға  жеткізіліп, қазір қажетті ем қабылдап жатыр. Естеріңізге салсақ, 5-мамыр күні «Казцинк» зауытындағы шаң ұстау цехында газ-ауа қоспасы жарылып, оқиға орнында екі адам көз жұмды. Бес адам жарақат алған еді. Медициналық тексеруден кейін, үшеуі үйіне жіберіліп, екі жұмысшы ауруханаға жатқызылған.