Атырауда күдікті С. Сәрсемәлиевтің ісі сотқа жетті

  • 7
  • 13.05.2026, 19:32

Атырау облысының Жанкелдин ауылында тұтас бір отбасын қырып тастаған қанды қылмысқа қатысты іс сотқа жетті. «Төрт бірдей адамды аяусыз өлтіріп, көміп тастады», - деп күдікке ілінген сол әулеттің бұрынғы күйеубаласы Сұлтан Сәрсемәлиев сотта 13 эпизод бойынша жауап беретін болады. Тергеу органдарының жан-жақты саралап, жинақтаған ісі 15 том болған. Сот 18 мамырда  басталады. Ал күдіктінің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасы мен бауырларының өліміне қатысы жоқ. «Ақбаянға қатысты бөлек қылмыстық іс тергеліп жатыр», - деді қадағалаушы орган өкілдері. 

Жандар Болатбек, облыс прокурорының көмекшісі:

- Ақбаян Мұқанғалиеваның кісілерді, тұлғаларды өлтіру фактісіндегі қылмыстық құқықбұзушылығы анықталған жоқ. Өлтіру фактісіне қатысы болмағандықтан ол жөнінде оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылып, яғни қылмысты хабарламау фактісі бойынша бөлек қылмыстық іс тіркеліп, ол бойынша құқықтық бағасы берілген жоқ. Ақбаян Мұқанғалиеваның күдікті ретінде іс-әрекеті сараланбады. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ.