Алматы полицейлері интернет-дүкен арқылы есірткі сатқан қылмыстық топты ұстады.
Тергеу барысында үш жігіттің ағайынды екені анықталды. Бұл заңсыз бизнесте әрқайсының өз міндеті болған. Күдіктілерді жеке тексеру және үйлерін тінту кезінде синтетикалық есірткі салынған орамалар табылды. Сондай-ақ өсімдік тектес есірткілер де анықталды.
Тәркіленген заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.