Полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Олардан Қаңтар оқиғасында ұрланған автоматтар мен оқ-дәрілер тәркіленген. Ұсталғандар арасында бұрын сотты болғандар бар. Күдіктілерге бопсалау, қарулы бұзақылық және денсаулыққа әдейі зиян келтіру баптары бойынша айып тағылған. Қазіргі таңда сот шешімімен барлық айыпталушылар қамауға алынды. Жедел тергеу топтары осы іске қатысы бар қосымша қылмыстық эпизодтарды әшкерелеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
- Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше бірлік атыс және травматикалық қару, оның ішінде кесілген мылтықтар мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылды. Аталған қару Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған. Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кешенді іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.