Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

  • 10
  • 27.05.2026, 19:40

Оқиға бүгін таңертең Железин ауылы маңында болған. Әуе кемесі авиациялық-химиялық жұмыстарды орындау кезінде электр желісіне соғылған. Ұшақ бортында екі экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан бір ұшқыш қаза тапты. 1998 жылы туған екінші ұшқышты құтқарушылар алып шыққан. Ол есін біледі. Санитарлық авиация бортымен Павлодардағы №1 ауруханасына жеткізілген. Политравма диагнозы қойылған науқасқа медициналық көмек көрсетіліп жатыр және динамикалық бақылау жасалуда. Ұшақ апатын көлік министрлігіне қарасты департамент қызметкерлері тексеруге кірісті.