Жетісу облысында адамдарды алдап, алаяқтық жүйеге тартқан қылмыстық топ ұсталды. Олар оңай олжаға батқысы келетіндердің осал тұсын тауып, жеке мәліметтерін заңсыз иеленген. Зардап шеккендердің есепшотына алаяқтық жолмен түскен қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Жалпы жыл басынан бері аталған қылмысқа қатысы бар 10 адам ұсталып, алтауының ісі сотқа жолданған.
Ілияс Бескемпіров, облыс прокурорының орынбасары:
- Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде 20-дан астам жәбірленушіге 24 млн теңге көлемінде залал келтіріліп, оның 9 млн-нан астам теңгесі өтелді. Облыс прокуратурасымен облыс полиция департаменті интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау және дропперлік факторлардың жолын кесу бағытында жүйелі жұмысын жалғастыруда.