Ақтау тұрғыны аса ірі мөлшердегі есірткімен ұсталды

  • 9
  • 01.06.2026, 19:33

Күдікті прокурорлар мен полиция бірлесе өткізген жедел іздестіру шарасы кезінде қолға түсті. Оның қолсөмкесінде 4 келіден астам «гашиш» болған. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.