Шымкентте 5 келі ауғандық апиын тәркіленді

  • 9
  • 01.06.2026, 19:36

Нәтижесінде шамамен 5 келі ауғандық апиын есірткі заты тәркіленген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. 

Тыйым салынған затты тасымалдады деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы ұсталған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш қылмысты анықтау үшін Қазақстан және Қырғызстан Ішкі істер министрліктері бірлесе жұмыс істеген.

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ басқарма бастығы:

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі халықаралық ынтымақтастықты нығайту аясында еліміздің аумағына есірткі жеткізудің сыртқы арналарының жолын кесуге, сондай-ақ ел аумағы арқылы жүзеге асырылатын есірткі транзитіне қарсы бағытталған нысаналы арнайы операцияларды жалғастырады.