Түркістан облысында мас жүргізуші 5 адамды қағып кеткен

  • 5
  • 08.06.2026, 19:38

Түркістан облысының Арыс қаласында мас жүргізушінің кесірінен үш адам қаза тапты. Жоғары жылдамдықпен қатынаған автокөлік жекеменшік үйлердің бірінің қоршауын бұзып өткен. Орындықта отырған 5 адамды қағып, қашып кеткен. Салдарынан екі бала мен жүкті әйел оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жедел-іздестіру барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүргізіп жатыр.  

Айдар Ақбаров, Арыс қалалық ауруханасы хирургия бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы:

-Екі науқас түсті, біреуі 30 жаста. Екіншісі 1 жас 6 ай. 30 жастағы науқастың жағдайы орта дәрежелі, оң жақ тізе буынының жабық сынуы және ми шайқалуымен хирургия бөліміне жатқызылды. 1 жас 6 айлық бала өте ауыр жағдайда келді. Миының шайқалуы мен оң жақ кеуде тұсының көптеген жабық сынығы және сол жақ санының жабық сынуымен реанимация бөліміне жатқызылды. Қазір ол баланы облыстық балалар ауруханасына ауыстырдық.