Қазақстанда маркетплейс кейпіндегі қаржы пирамидасы анықталды. Заңсыз схемаға 1,5 мыңға жуық салымшы тартылған. «CVK» қаржы пирамидасы азаматтарға инвестициялық «дүкендерді» сатып алуды ұсынған. Жеке кабинетте виртуалды пайыздар есептеліп, тапсырыстар мен жоқ тауарлардың «жөнелтілімдері» көрсетіліп тұрған. Сондай-ақ жаңа салымшыларды тартқаны үшін ақшалай бонустар мен сыйлықтар уәде етілген. Жобаны ілгерілету үшін жабық үгіт-насихат кештері, кеңселердің мерекелік ашылуы және бұқаралық таныстырылымдар өткізілген. Акциялар әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарияланып, халықтың сенімін қалыптастыру үшін пайдаланылған.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
-Агенттіктің жедел әрекет ету шаралары нәтижесінде 474 мың АҚШ доллары көлемінде криптоактив бұғатталды. Қаражатты шығару криптовалюталық платформа арқылы жүзеге асырылып, кейіннен банк шоттарына аударылып отырған. Тергеу жалғасуда.