Түрмеде отырып алаяқтық жасаған әйелдің жазасы қатаңдатылды

  • 6
  • 08.06.2026, 19:44

Алаяқтық үшін 3,5 жылға сотталған Қарағанды тұрғыны теміртордың ар жағында отырып, тағы да қылмыс жасаған. Ол әлеуметтік желіде киім сату туралы хабарлама жариялап, алдын ала онлайн төлем алып отырған. Бірақ тауардың ақшасын қалауынша жұмсаған. Ең сорақысы, Бас прокуратура оның заңсыз рақымшылыққа ілініп, жазасы 1 жыл 2 айға қысқарғанын анықтаған. Ал Заңға сәйкес, алдыңғы үкім бойынша жазасын өтеу кезеңінде қасақана қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық қолдануға тыйым салынады. Бас прокуратураның наразылығымен рақымшылық күшін жойды. Осылайша, сотталған әйелге 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.