Құқық қорғау органдарының іздеуінде жүрген 80 адам шетелде анықталып, олардың 47-сі ұсталды. Сонымен қатар шет мемлекеттердің 371 азаматы біздің ел аумағында іздеуде жүргені анықталды. Олардың 107-сі қолға түскен.
Астана криминалдық полициясы аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Ол Алматы қаласында тұрғын үй кешенін салу үшін үлескерлердің ақшасын заңсыз иемденген. Осылайша, Алматыда шетел азаматы, Тбилисиде Қазақстан азаматы ұсталды.
Ішкі істер министрлігі қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып жүрген адамдарды анықтау, іздестіру және ұстау жұмыстарын ел аумағында да, шетелде де жалғастырады.