Балалардың терезеден құлауы жиілеп кетті

  • 7
  • 09.06.2026, 19:40

Күні кеше Өскеменде 5 жасар бала терезен құлап кетті. Бала бірден жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, көп ұзамай қайтыс болды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кейінгі кезде мұндай оқиға жиілеп кетті.

Биыл жаз басталмай жатып елімізде 15 бала терезеден құлады. Оған себеп не? Оқиғаның алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргізілуде? 

Мамандар көбіне 2-11 жас аралығындағы балалар терезеден жиі құлайтынын айтады. Жел қақтыру үшін ашқан терезеден ауып құлаған сәбилер жетерлік. Олардың бірлі-жарымы жарақаттан жеңіл құтылса, бірі мерт болады. Көп жағдайда дәрігерлер көмектесе алмай, мүгедек болып қалуы да мүмкін. 

Абылайхан Серік, Есіл аудандық ТЖБ бас маманы:

- Балалардың терезеден құлауының негізгі себептері – ересек адамдардың балаларды қараусыз қалдыруынан және москит торларының қауіпсіз деп санауына байланысты. Москит торлары балалардың салмағын көтермейді және ол қорғаныш заты болып саналмайды. Осыған байланысты ата-аналар мен заңды өкілдердіне балаларды қараусыз қалдырмауына және де терезе маңына жиһаздарды жақын орналастырмауын сұраймыз.

Айналайын Мәлік, тілші:

- Міне, қазір мамандар терезелерге мынандай ашылуды шектейтін блоктағыштар орнатып жатыр. Олар баланы терезеден құлаудан толық қорғайды. Сондықтан алдымен бала қауіпсіздігін ойластырған жөн.

Елімізде жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына байланысты 15 жағдай тіркелді. Оның 11-і емханада ем алса, өкінішке қарай, қалған 4 бала көз жұмды. Өткен жылы 58 бүлдіршін терезеден құлап, 4-і қайтыс болған. Ал 2024 жылы 40 бала терезеден тайып кетіп, 7 бүлдіршін о дүниелік болған.  Мамандардың айтуынша, қайғылы оқиға көбіне терезе ашық болатын жаз мезгілінде жиілейді. 

Ғафура Жақыпова, Есіл аудандық ТЖБ аға инженері:

- Көпбалалы отбасының баспанасына арнайы қорғаныс блокираторларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ олардың қалай қолданылатынын көрсетеміз. Жаз мезгілі енді басталғандықтан, алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр. Бұл бағытта департаменттің барлық қызметкерлері мен аудандық бөлімшелер жұмылдырылған.

Мамандар балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын, терезе маңына жиһаз қоймау қажеттігін ескертеді. Ең дұрысы, арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатқан жөн. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болады.