Қызылорда облысында жас жігітті өлтірген күдікті ұсталды

  • 6
  • 09.06.2026, 19:36

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы 20 жастағы жігіттің өліміне қатысты күдікті ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Облыстық полиция департаменті хабарлады.

Құзырлы органның мәліметінше, қылмыстық іс 1 маусым күні қозғалған және марқұм азаптау салдарынан көз жұмып, оның денесі кәріз құдығына тасталған. Ал әлеуметтік желіде таралған хабарларға қарасақ, жас жігіттің өліміне оның 15 жастағы інісі күдікті ретінде ұсталған. Анасы болса: «Бұлай болуы мүмкін емес», - деп отыр. 

Асылбек Бексейітов, Қызылорда облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

- Барлық тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Қылмыстық істі тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының  ерекше бақылауында.