Атырау әкімінің орынбасары ұсталды

  • 10
  • 09.06.2026, 19:36

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат расталды. Тергеумен ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі айналысып жатыр.

Іс материалдарында 40 миллион теңге көлеміндегі сома көрсетілген және екінші күдікті ретінде «Қалалық тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Бейбіт Мағзұмов тіркелген.

Дереккөздерге сүйенсек, ұсталғаннан кейін Мұқасов процессуалдық келісімге қол қоюға ниет білдірген, алайда кейін бас тартқан. Күні бүгінге дейін редакцияның ресми сауалдарына облыстық прокуратура мен ҰҚКД тарапынан жауап болмады.