Өскеменде бес жасар бала 4-ші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды. Полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Биыл қалада мұндай 5 оқыс жағдай тіркелген. Құтқарушылар алдын алу шараларын жүргізіп, күн сайын тұрғын үй кешендерін дрондар көмегімен бақылап жүр. Тұрғындарға ашық тұрған терезелерді жабуды ескертіп, балаларды қараусыз қалдырмауға үндейді. Тіпті қауіпсіздікті күшейту мақсатында көпбалалы отбасыларға терезені бекітетін арнайы құрылғылар тегін орнатылып жатыр.