Оқыс оқиға Темірлан ауылында болған. Жекеменшік үйдің ауласындағы тереңдігі 4 метр болатын дәретханаға құлап кеткен баланы туыстары көріп қалған. Бірақ өз бетінше шығара алмаған соң құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Оқиға орнына жеткен мамандар арнайы құралдар көмегімен сәбиді шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Жүсіп Темірұлы, ТЖД Өрт байланыс орталығы пунктінің бастығы:
-Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің жағдайы тұрақты. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД сегіз қызметкері мен бір техникасы, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем қызметінің үш маманы мен бір қызметкері жұмылдырылды. ТО ТЖД ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды және аула аумағындағы қауіпті орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескертеді.