Жамбыл облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығында 53 жастағы жергілікті тұрғынның көлігін өсімдік тектес зат салынған дорбаны тапқан. Сараптама қорытындысына сай тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Салмағы 4,5 келіден асады. Сондай-ақ медициналық сараптама күдіктінің психобелсенді заттарды қолданғанын растаған. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі елімізде жыл басынан бері 3 мыңнан астам есірткі қылмысын әшкерелеген.