Маңғыстау облысында есірткі арнасының жолы кесілді

  • 8
  • 12.06.2026, 19:36

Маңғыстау облысында аса ірі көлемдегі есірткі арнасының жолы кесілді. Мұны Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, каннабис тобына жататын есірткі заты батыс өңірге оңтүстік аймақтардан жеткізілген. Ақтау қаласында ұсталған күдікті ер азаматтан гашиш есірткісі салынған 4 дорба тәркіленген. Ал олардың жалпы салмағы 4 келіден асады.

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы:

- Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ІІМ ескертеді: есірткінің заңсыз айналымының кез келген фактілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қолданылады.