Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Еске сала кетейік, жақында 24 жастағы Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Әсет Құралбай соңғы рет 2-ші маусымда байланысқа шыққан. Ал 7-ші маусымнан бастап телефоны сөндірулі. 10 маусымда полиция оның Toyota Camry көлігін тапқан болатын. Кейін Қазақстан азаматы болуы мүмкін жігіттің мәйіті табылды. Сол ақпарат расталды.
Министрлік марқұмның туыстарына құжаттарды дайындау және денені Қазақстанға қайтаруды ұйымдастыру бойынша қажетті консулдық көмек көрсетілетінін атап өтті.