Көкнәр тұқымын желеу еткен есірткі саудасы тоқтатылды

  • 7
  • 16.06.2026, 19:32

Павлодарда көкнәр тұқымын желеу еткен есірткі саудасы тоқтатылды. Күдікті қылмысын іске асыру үшін өзінің жақын туыстарын да жұмысқа тартқан. Олар тыйым салынған тауарды сақтау, буып-түю және өткізу міндеттерін өзара бөліп алған. Ал өнімдер басқа өңірден логистикалық компаниялар арқылы жеткізіліп отырған. Есірткі заттары қосылған көкнәр тұқымдарын азық-түлік өнімі ретінде көрсетіп, заңсыз өткізуді ұйымдастырған. Қаражат қолма-қол ақша түрінде де, банк аударымдары арқылы да қабылданыпты.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушы екі автокөлік сатып алып, оларды жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген.  Сот үкімімен Алекперов пен оның екі сыбайласына 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Автокөліктер мемлекет кірісіне тәркіленді. Сондай-ақ құрамында есірткі заттары бар 321 келі көкнәр тұқымы жойылды.