Қазақстан мен Чехияның құқық қорғау органдары халықаралық қылмыстық арнаның жолын кесті. Қылмыскерлер ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін заңсыз таратуды кәсіп еткен.
Тергеу барысында Чехияның Усти-над-Лабем қаласында, сондай-ақ Астана, Алматы және Қарағандыда күдіктілердің тұрғылықты жерлеріне тінту жүргізілген. Операция барысында цифрлық ақпарат тасымалдағыштар мен ақша тәркіленді. Қылмыстық схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінгендер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ департамент бастығы:
- Топ ішінде нақты иерархиялық құрылым болған, әрбір қатысушы өзіне жүктелген міндетті атқарған. Олар қылмыстық схеманы үйлестірушілерден бастап, жеке деректерді заңсыз анықтауға қатысты тапсырыстарды қабылдап, өңдейтін операторларға дейінгі қызметтерді орындаған.