Барымташылармен күрес. Бес айда мал ұрлаумен айналысқан 58 топ ұсталды.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Елімізде жыл басынан бері 1730 бас мал ұрланыпты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген 258 адам ұсталды. Осылайша 58 топтың әрекеті тоқтатылған. 1 мың жеті бас мал иелеріне қайтарылды. Мәселен, Жамбыл облысында полиция қызметкерлері 25 бас ірі қара малдың ұрлану дерегін ашты. Олардың жалпы құны 15 миллион теңгеден асады.
Бұл іс бойынша өңірдің үш тұрғыны ұсталды. Олар түнгі уақытта жүк көлігін пайдаланып, жайылымнан мал ұрлап, кейін оның бір бөлігін делдалдар арқылы сатып жіберген. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.