Ақтау тұрғыны аса ірі көлемде есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды. Полицейлер оған тиесілі қойманы қарау кезінде еліткіш зат жасауға қолданылған құрал-жабдықтарды тапты. Тінту шаралары күдіктінің пәтерінде де жүргізілген. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 20 келіні құрайды. Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде есірткінің Маңғыстауға қай өңірден жеткізілгені анықталып жатыр.
Нұрбол Бақтыбай, облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:
- Жедел ідестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ҰҚК қызметкерлерімен бірлесе прокуратураның үйлестіруімен заңсыз айналымнан есірткі затын тәркіледі. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.