Өңір прокуратурасының мәліметінше, аймақтағы кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы лицензиясыз пайдалы қазбаларды өндіріп, оны шетелге шығарған. Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. Іс бойынша үш адам қамауға алынып, 360 млн теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.
Шет аудандық соты оларды заңсыз жер қойнауын пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.