Батыс Қазақстан облысында аудандық ветеринарлық стансаның бас бухгалтері 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Казталов аудандық соты бас есепшіні 100 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін кінәлі деп таныды. Аталған сыбайлас жемқорлық фактісі прокуратура органдарының ветеринария саласында жүргізген тексеруі барысында анықталған.
Сотта анықталғандай, лауазымды тұлға ұрлаған қаражатты құмаройындарға салып жіберген. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, сотталушы апелляцияға арыз берген.