Астаналық полицейлер дропперлерді ұстады

  • 6
  • 09.07.2026, 19:43

Астаналық полицейлер дропперлерді ұстады. Іс материалдарынан белгілі болғандай, 78 жастағы қала тұрғынына мемлекеттік органдар мен банк қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар қарияның жинақ қаражатын өз есепшоттарына аудартып алған. Сонымен қатар ақсақл олардың нұсқауымен алтын әшекейлерін сатып, түскен ақшаны да алаяқтар көрсеткен шоттарға жіберген. Полиция қызметкерлері жәбірленушінің ақшасы түскен банк шоттарының иелерін анықтап, 19 бен 21 жастағы Астананың екі тұрғынын ұстады. Тергеу барысында олар алаяқтарға өздерінің банк шоттарын, ұялы телефондарын, SIM-карталарын пайдалануға бергені үшін сыйақы алған. Ұсталғандардың бірінің банктік шотына 1 миллион теңге, ал екіншісіне 2,5 миллион теңге түскені белгілі болды. Күдіктілерге қатысты дропперлік фактісі бойынша іс қозғалды. Полиция азаматтарға банк карталарының деректемелерін, растау кодтарын, мобильді банк қосымшаларының логині мен құпиясөзін бөгде адамдарға бермеуді ескертеді. Сондай-ақ ақшалай сыйақы үшін банк шотын ашуға, SIM-карта рәсімдеуге немесе қаржылық сервистерді тіркеуге келіспеуге шақырады. Себебі жеке деректерді үшінші тұлғаларға беру арқылы азамат сыбайласқа айналуы мүмкін. Салдары – қылмыстық жауапкершілік.