Алматы облысында 19 адам мүгедек мәртебесін заңсыз алған

  • 7
  • 10.07.2026, 19:50

Алматы облысында 19 адам мүгедек мәртебесін заңсыз рәсімдеп, әлеуметтік төлем алған. Мемлекетке келтірілген шығын 30 миллион теңгеге жеткен. Қазір барлық материал құқық қорғау органдарына жолданып, әрбір дерек бойынша қайта медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізіліп жатыр. Өңірде 43 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады.

Мамандардың айтуынша, мүгедектік мәртебесі тек медициналық диагноз негізінде берілмейді. Сараптама кезінде адамның денсаулық жағдайы, еңбекке қабілеттілігі жан-жақты бағаланып, соның қорытындысы бойынша шешім қабылданады.

Айдынжан Нарматов, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің басшысы:

- Үнемі тексеріліп отырады. Осындай жағдай бізде Еңбекшіқазақ ауданында болды. Егер азаматқа мүгедектік тобы берілсе, мысалы, көбіне бірінші топтағы мүгедектік болса, оған жеке көмекші тағайындалады. Сол жеке көмекшіге де мүгедекке күтім жасағаны үшін жәрдемақы төленеді. Ал мүгедектігі бар адамның өзі де ай сайын 111 мың теңгеден астам жәрдемақы алады. Сондықтан, менің ойымша, бұл жерде бірінші орында қаражат мәселесі тұр.