Астана – Петропавл жолындағы көлік апатынан 3 адам қаза болды

  • 7
  • 14.07.2026, 19:51

Ақмола облысында Астана – Петропавл тасжолында қайғылы жағдай болды. Жол апатынан көлік өртеніп, 3 адам қаза тапты. Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Жаңаталап ауылының маңында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары көмекке жеткенімен, көлік толық жанып кеткен. Мамандардың айтуынша жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімі оқиға орнынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан. Жол апатынан аман қалған бір адам дене күйігімен аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған жедел жәрдем келгенше жол бойындағы медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері алғашқы көмек көрсетті. Қаза тапқандардың аты-жөні мен апатқа не себеп болғаны анықталып жатыр.