Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл-Көкшетау автожолының Астраханка ауылы маңында екі көлік соқтығысып, 8 адам зардап шекті. Жетеуі ауруханаға жеткізілген. Оның алтауы бала. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады. Полиция департаменті мамандары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.