Абай облысында орманды алқаптың 240 гектары отқа оранды. Қазір Семей орманы табиғи резерватында өртті сөндіру жалғасып жатыр. Ал полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кезекшілік құрған.
Оқиға орнында 100-ден астам техника мен ондаған маман жұмылдырылған. Көмекке Төтенше жағдайлар министрлігінің қосымша күштері де тартылып, арнайы тікұшақтар жіберілді. Қамысты шаруашылығы маңындағы жедел басқару орталығының базасында штаб құрылған. Мамандардың айтуынша, жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Мұхит Рамазанов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы бастығының міндетін атқарушы:
- Одан бөлек, қазір әуеден сөндіру бойынша 4 ұшақ жұмыс істеп жатыр. Барлық күштің бәрі Дмитриевка, Бородулиха ауылдарына да қойып отырмыз. Сол жерлерде ашық алаңдар бар. Сол жерден өртті күтіп алып, сөндіру жұмыстарына жоспар құрылды.