Түркістан облысының Бәйдібек ауданында жол-көлік оқиғасы болып, жеті адам қаза тапты.
Полицияның мәліметінше, Шаян - Екпінді тасжолында Toyota Camry және Volkswagen Passat маркалы екі көлік соқтығысқан. Жеті адам оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүріп жатыр.