Қостанай облысында осы айдың басынан бері 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді. Көлік жүргізушілері мұнай өнімдерін Ресейге заңсыз алып өтпек болған. Тек соңғы бірнеше күнде шекарада осындай тоғыз әрекетке тосқауыл қойылды. Құқықбұзушылар бензин мен дизель отынын канистрмен тасымалдаған.
Дильназ Әмірбекова, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы:
-Іс-шаралар басталғаннан бері жанар-жағармай әкетудің 282 әрекетінің жолы кесілді. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері мұнай өнімдеріне арналған ілеспе жүк құжатының болмауын байланысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 283-баптың 1-тармағы 5-тармақшасы бойынша әкімшілік материал рәсімдеп, оны сотқа жіберді.