ШҚО-да заңсыз алтын өндірген топ әшкереленді

  • 1
  • 28.07.2026, 19:32

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында бір топ адамның тиісті рұқсат құжаттарынсыз алтын өндіргені анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру және өңдеу салдарынан қоршаған ортаға елеулі залал келтірілді. Атап айтқанда, топырақтың құнарлы қабаты бүлініп, жер бедерінің табиғи құрылымы бұзылып, өзен арнасы өзгертілген. Заңсыз қызметке 30-дан астам адам, оның ішінде Қытай Халық Республикасының азаматтары да тартылған. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ержан Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

-Тінту барысында алты 40 тонналық жүк көлігі, төрт шынжыр табанды экскаватор, бір тиегіш, сондай-ақ құрамында алтыны бар кенді өндіруге және жууға арналған екі өндірістік кешен тәркіленді. Тергеу жалғасуда.