Алматы облысында жыл басынан бері жеті адамды пойыз қағып кетті

  • 3
  • 27.07.2026, 19:37

Алматы облысында жыл басынан бері жеті адамды пойыз қағып, мерт қылды. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың құлаққап тағып немесе ішімдік ішіп шойын жол бойында жүруінен оқыс оқиға азаймай тұр. Сонымен қатар мал қағу дерегі де жиілеп кеткен. Автокөлік жүргізушілерінің салғырттығынан өңірдегі теміржол өткелдерінде 30-ға тарта шұғыл тежеу оқиғасы болған.    

Дархан Абдуллаев, Алматы жол дистанциясының бас инженері: 

- 2026 жылдың 6 ай, 20 күні ішінде Алматы жол дистанциясы аумағында 25 шұғыл тежеу болып, оның жетеуі қайғылы жағдайға әкеліп соқты. Оның себебі адамдардың теміржолдың белгіленбеген тұсынан өткендігінен орын алды. Біз теміржол аса қауіпті аймақ екендігін ескертеміз.