Кәріз құдығындағы қаза: Үкімет арнайы комиссия құрды

  • 7
  • 22.07.2026, 19:46

Үкімет басшылығының тапсырмасымен Павлодар облысындағы жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар, ішкі істер мен өзге де министрліктердің, сондай-ақ өңірлік әкімдіктің өкілдері бар. Арнайы топқа жағдайды зерделеу, жазатайым оқиғаның себептерін анықтау және оның қайталануына жол бермеу жөнінде нақты шаралар әзірлеу тапсырылды. Айта кетейік 20 шілде күні кәріз құдығына түскен 6 жұмысшы мерт болды. Жазатайым жағдай Ақтоғай ауданындағы сүт-тауарлы ферма аумағында болған. 7 адам құдыққа электр сорғысын жөндеуге түскен. Алайда көмірқышқыл газына уланып, сол жерде алтауы көз жұмған. Бақилық болғандардың ең жасы 16-да. Аман қалған бір адам  ауруханаға жеткізген. Оқиға байланысты қылмыстық іс қозғалды.