Алматы облысында жыл басынан бері кәсіпкерлердің құқығы бұзылуына қатысты 65 дерек анықталды. Прокурорлардың араласуымен екі мыңнан астам бизнес өкілі өз құқығын қалпына келтіре алды. Тексерулер лауазымды тұлғалардың компаниялар қызметіне заңсыз араласуы мен мемлекеттік бақылау ережелері бұзылуының жиілегенін көрсетті. Уәкілетті органдар қабылдаған іс-шаралардан кейін үш нормативтік актінің күші жойылып, кәсіпкерлердің пайдасына 469 миллион теңге өндірілді.
Бауыржан Бимолданов, облыс прокурорының аға көмекшісі:
-Кінәлі тұлғаларға қатысты айтатын болсақ, 25 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды және әкімшілік жауапкершілікке 34 тұлға тартылды. Оның 12-сі заңсыз тексеру жүргізгені үшін және 22-сі кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласқаны үшін. Әр кәсіпкердің түскен өтініші бізбен мұқият тексеріліп, заңбұзушылық анықталған жағдайда сол кәсіпкердің құқықын қорғап, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуға міндеттіміз.