Әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент таратқан 9 стример әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар қаралым, лайк және донат үшін әдепсіз әрекеттерге барып, балағат сөздер айтқан. Қауіпті пранктер ұйымдастырып, адамдарды қорлаған. Тікелей эфирде жалған төбелес ұйымдастырып, электрошокер қолданған. Ішкі істер министрлігі мамандары интернеттегі анонимділік жауапкершіліктен құтқармайтынын ескертеді.