Шымкентте 9 жекеменшік балабақша жұмысы тоқтатылды

  • 7
  • 03.08.2026, 19:41

Мониторинг барысында санитариялық-эпидемиологиялық және қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталған. Сондай-ақ балаларды негізсіз шығару және бір балаға бірнеше жолдама беру сияқты заңбұзушылықтар тіркелген. Мамандардың айтуынша, саланы цифрландырудың арқасында мемлекеттік бақылау күшейтіліп, бюджет қаражатын басқару мүмкіндігі артқан. Айта кетейік, қазір өңірде 84 мың бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылса, 29 мыңнан астамы кезекте тұр.  

Қуаныш Ысқақов, қалалық Білім басқармасының басшысы:

- Мемлекеттік білім беру тапсырысын орындалуына мониторинг аясында 71 мемлекеттік, 212 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар тексерілді. Яғни зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде талапқа сай келмейтін 9 ұйымның қызметі тоқтатылып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру құқығынан айрылды.