Жамбыл облысында 200-ден аса кәсіпкер лицензиясынан айырылды

  • 6
  • 03.08.2026, 19:48

Олар спирттік ішімдіктерді түнгі 23:00-ден кейін саудалаған. Оларға 30 миллион теңгеден аса айыппұл салынған. Жалпы өңірде жыл басынан бері қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, тәртіп бұзған 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде өңірдегі қылмыс саны 7,5 пайызға төмендеген.

Қайрат Бәйгебаев, ПД басқарма бөлім бастығы:

-Өткен жылы 200 қылмыс болатын болса, ағымдағы жылдың 6 нәтижесі бойынша 185 қылмыс орын алған болатын. Полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері полиция қызметкерлері 43 қылмыстық құқықбұзушылықты анықтады. Олардың қатарында есірткі заттарын заңсыз сақтау және пайдалану, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың масаң күйде көлік басқару фактілері бар.