Полицияның мәліметінше 4 адамнан тұратын күдіктілер соңғы екі жылда Жаңаарқа ауданында жүйелі түрде мал ұрлығымен айналысқан. Қазір олардың қанша қылмысқа қатысы бары анықталып жатыр. Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары 160 бас қой ұрлаған бақташыны ұстады. Ол өзгенің малын өзімдікі деп өрісте жүрген жерінде саудагерлерге сатып жіберген.
Полицияның жедел әрекеті нәтижесінде ұрланған мал Жамбыл облысы аумағынан табылды. Жалпы өңірде былтырғы жылмен салыстырғанда, мал ұрлығы көбейген. Осыған орай алдын алу шаралары күшейтілді.
Асқар Дүйсебаев, ПД басқарма бастығы:
- Айғақтық заттар тәркіленіп, сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда жұмыстар жалғасуда. Күдікті тұлғалар қамауда. Біз өз тарапымыздан және республика тарапынан мал ұрлығына қарсы шаралар жүргізілуде. Республикалық жолдарға бес бекет қойылуда. Жедел профилактикалық шаралар жүргізудеміз. Мал еттерін сату дүкендерін тексерудеміз.