Алматыда 22 жастағы жігіттен психотроптық зат тәркіленді

  • 4
  • 05.08.2026, 19:37

Жастық шағы түрмеде өтуі мүмкін. Алматыда 22 жастағы жігіттен 357 орама психотроптық зат тәркіленді. Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы күдіктіні Түрксіб ауданында қолға түсірген. Ол гаражды жалға алып, қойма ретінде пайдаланған. Полиция тінту кезінде сатуға дайындаған ұнтақ тәрізді зат салынған 70 ораманы тапты.

Ұсталған азамат – Алматы облысының тұрғыны. Ол тыйым салынған заттарды Алматы мен Алматы облысында таратып жүрген. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-химиялық сараптама тағайындалды. 

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Ұсталғаннан кейін ол бұрын дайындап кеткен жасырын орындардың мекенжайларын көрсетті. Кейінгі тергеу әрекеттері барысында полицейлер өнеркәсіптік база маңынан тағы 120 ораманы, сондай-ақ Баймағамбетов көшесіндегі үш жасырын орыннан 167 доза психотроптық затты тәркіледі. Жалпы заңсыз айналымнан психотроптық зат болуы мүмкін 357 орама тәркіленді.