Ол карталарды жастардан 20-30 мың теңгеге алып, кейін оларды үшінші тұлғаларға қайта сатумен айналысқан. Нәтижесінде алаяқтардың жұртты алдап иемденген қаражаттарын қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында пайдаланылған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 10 миллион теңге алынғаны белгілі болып отыр. Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ал жыл басынан бері Ақтөбе облысында интернет-алаяқтық қылмыстарына қатысты 60-тан астам дроппер анықталып, ұсталған.